Үркек үміт солғын тартып барады,
Уақыт өтті алыстатып араны.
Қоңыраулатып, ұялыңды мазалап,
Енді өзге жан терезеңді қағады.
Далада күз, көңілімде жаз әлі,
«Шымшық – күдік» алып болды – ау мазаны.
Жарқыным – ау, қосылып көр агентке,
«СӘЛЕМ,ЖАНЫМ!» – деп өзге жан жазады.
«Шын сүйгендер қосылмайды» деседі,
Білем, бәрі жайлап естен өшеді.
Өзгеменен қол ұстассам таңданба,
Мынау менің сүйгенім деп кешегі.