Тағы да бір түн, тек жалғыз өзім ояумын,
Маза бермейді сол назік сезім, Аяулым.
Отырмын жалғыз қағаз бен қалам қолымда,
Ізіне қарап ақ парақтағы бояудың.
Сезінем, Жаным, жүрегім жанып жатқандай,
Жыр жазам сен деп, жаза беремін тоқталмай.
Жаныңа барып, алмасам дағы құшақтап,
Өзіңе деген жырымнан бақыт тапқандай.
Жырым менің – қуанышым, өкінішім, бар мұңым,
Көмекшім жыр көтеретін сезім артқан бар жүгін.
Егер осы саған деген жырым бітсе күне ертең,
Шыбын жанды қайтарамын Жаратқанға дәл бүгін!!!